ҚҰНДЫЛЫҚТАР: "I AM KNAUF"

«I am Knauf» бұл КНАУФ Инсулейшн компания ретінде және ауқымдырақ КНАУФ компаниялар тобы ретінде жасайтынымыздың бір бөлігі: әрбір қимыл қарапайымнан күрделуге қарай. Бұл біздің барлық бірегей дербестіктеріміздің жиынтығы, ол біздің барлығымызды бір команда ретінде байланыстырсын. Бұл жақсы жұмысымыз үшін кеудемізді кернеген мақтаныш пен ісімізге деген адалдығымызды көрсетеді. Ең бастысы: «I am Knauf» бұл адамдар. Мәселе мығым құндылықтарға негізделген біздің мәдениетімізде:

Біздің құндылықтарымыз қарапайым әрі түсінікті. Біз Кнауф отбасысының бір бөлігі дегеннің мәнін төрт сөзге сыйдырдық:

  • Адамгершілік
  • Әріптестік
  • Іске берілгендік
  • Кәсіпкерлік жігер

Бұл құндылықтар басты қағидаларды сипаттайды, олар бүкіл әлем бойынша біздің барлық елдердегі 26 500 қызметкеріміздің бойынан көрінуі тиіс.

Человечность
АДАМГЕРШІЛІК

Біздің барлық ісіміз, қабылдайтын әрбір шешіміміз қоғамның әрбір мүшесінің әл-ауқатын, амандығын есепке алады. Біз әріптестерімізге, іскери серіктестерімізге мызғымас адалдық пен адамгершілік сияқты ұстанымдар үстемдік құрған үлкен отбасының бір бөлігі ретінде қараймыз.    

ӘРІПТЕСТІК

Біз бір команда ретінде жұмыс жасаймыз және бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Біз өзара сенімге құрылған орта қалыптастыруға тырысамыз. Демек, біз өз бетімен жауапкершілік таныту және шешім қабылдай білу сияқты қабілетті көтермелейміз, себебі біз бір-біріміздің пікірімізге сенім білдіреміз. Біз – бір ұжымбыз.

Партнёрство
Преданность делу
ІСКЕ БЕРІЛГЕНДІК

Мен өз ісіме берілгенмін және оның нәтижесі үшін де жауаптымын. Біз өз жұмысызға, әріптестерімізге және қоғамға адалмыз. Біз әрқашан көбірек күш жұмсаймыз, орнықты нәтижелерге қол жеткіземіз және клиенттерімізді жоғары сапалы шешімдермен қамтамасыз етеміз.

КӘСІПКЕРЛІК ЖІГЕР

Біз жетістігімізді сақтай отырып, дамытамыз. Кәсіпкерлік жігеріміз бен тәуекелшілдігіміздің арқасында шағын отбасылық компаниядан жаһандық деңгейде жұмыс жасайтын ұйымға дейінгі жолды жүріп өттік.

Дух предпринимательства
«I am Knauf» — бұл адамдар. Мәселе мығым құндылықтарға негізделген біздің мәдениетімізде
КНАУФ Инсулейшн