Техникалық оқшаулау

Техникалық конструкциялар мен құрылыстарды жылу оқшаулау

KNAUF Insulation компаниясы ұсынған мамандандырылған шешім жер үстімен (ашық ауада) және астымен (арналарда, тоннелдерде) төселген жылу жүйелерінің құбыржолдарын жылу оқшаулауға, көтергіш металл немесе ағаш қаңқалары бар конструкцияларды оқшаулауға, толық жиналмалы және жиынтықты конструкцияларды, сондай-ақ ернемектік қосылыстарды жылу оқшаулауға арналған.

KNAUF Insulation ұсынған Техникалық оқшаулаудың артықшылықтары:
Техническая изоляция
  • материалдар көтергіш металл және ағаш қаңқалары бар конструкцияларды оқшаулау үшін арнайы дайындалған;
  • жоғары созылмалығы, серпімділігі және қалыңдығы мен көлеміне байланысты типтер санының көптігі есебінен монтаждау жеңіл, ал қалдық мөлшері аз;
  • жылуды қорғау сипаттардың алуан түрлілігі жылу оқшаулағыш қабаттың оңтайлы қалыңдығын таңдауға және монтаж жұмысына кететін шығынды елеулі түрде азайтуға мүмкіндік береді;
  • Aquastatik технологиясы жоғары су итергіштік қасиет сыйлау арқылы ылғалдың жылу оқшаулағышқа кіру және металл элементтерде коррозияның пайда болу қаупін төмендетеді.