ТӨБЕНІ ОҚШАУЛАУ

Төбені оқшаулау

Жылуды үй шатыры арқылы жоғалту 20-30%-ды құрайды. Жылу жоғалтудың алдын алып, суық мерзімде артық шығын шығаруды болдырмау үшін төбені ұзақ мерзімді сапалы материалдармен оқшаулау жағын қарастырыңыз. КНАУФ Инсулейшн компаниясы жеке үйлердегі, сондай-ақ объектілі құрылыстардағы төбені оқшаулау үшін минерал мақта негізінде жасалған қауіпсіз жылу оқшаулағыш материалдарын ұсынады.  

Төбені оқлаушау үйдің ішіндегі жылуды сақтап, оның сыртқа шығып кетуіне жол бермеу үшін жасалады. Мұндай жылу оқшаулағыш жылдың кез келген мерзімінде қолайлы температураны сақтап, үйіңізді суық пен ыстықтан қорғауға мүмкіндік береді. 

Төбеге арналған оқшаулағыштар – қандай материал таңдаймыз?

КНАУФ Инсулейшн компаниясы заманауи ECOSE® технологиясы бойынша әзірленген, минерал мақта негізіндегі ТеплоКНАУФ қауіпсіз оқлаушағыштарының жаңа буынын ұсынады. Бұл бірегей материал ауқымды қаржы құралын үнемдеп, үйіңізде тұруды анағұрлым қауіпсіз әрі жайлы қылуға мүмкіндік беретін елеулі артықшылықтарға ие.   

Төбені жылу оқшаулауға арналған өнімдердің барлығы тамаша оқшаулаушы қасиетке ие, монтаж кезінде қолайлы және қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы үшін қауіпсіз. 

ТеплоКНАУФ төбеге арналған оқшаулағыштың артықшылықтары

  1. Төбені мінсіз жылу оқшаулау
  2. Материал қалыңдығын таңдау ауқымының үлкендігі
  3. Төбеге арналған оқшаулағыш салмағының шағындығы
  4. Материалдың жоғары бу өткізгіштігі
  5. Тамаша су сіңірмейтін қасиеті
  6. Шуды жақсы жұтатыны
  7. Төбені оқшаулаудың қымбат еместігі
  8. Экологиялық таза болуы

Төбені КНАУФ Инсулейшн материалдарымен оқшаулау үйді жылытуға жұмсалатын қаржыны, сондай-ақ небәрі 2-3 адамнан құралған бригада ғана қажет етілетін монтаж жұмысына кететін шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді. 

КНАУФ Инсулейшн компаниясының барлық өнімдері өз зауыттарында өндіріледі және Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріндегі жеке дилерлік желілері арқылы сатылады.