Үйді оқшаулау

Бүгінде жеке үй қожайындарының көбі қала сыртындағы үйлерін оқшаулау қажет екені жайлы жиі ойланады. Бұл энергия қорына кететін шығынды елеулі түрде қысқартып, жеке үйді ылғал мен көгеруден қорғай отырып, барынша жайлы қылуға жағдай жасайды.

Үйді Knauf минерал мақтасымен оқшаулау

Қазіргі таңда үйдің қабырғаларын оқшаулағыш құрал ретінде Knauf компаниясы өндіретін минерал мақтаға ерекше көңіл бөлініп отыр. Минерал мақтамен оқшаулау әмбебап түрде жүзеге асады. Бұл инновациялық өнім бірнеше бірегей артықшылықтарға ие.

Image removed.

Олардың қатарына осы оқшаулағыштың бойынан табуға болатын келесі сипаттамаларды жатқызуға болады:

  • Бұған дейінгі көрсеткіштерден 20 % асып түсетін тамаша серпімділік деңгейі. Осының арқасында Knauf ұсынған минерал мақта шытынауға және сызаттардың пайда болуына бейімделмеген, бұл сіздің үйіңізді барынша жылы әрі жайлы қыла түседі.
  • Осыған қарамастан, Knauf минерал мақтасы үйдің қабырғаларындағы сылақты керемет ұстайтын өте берік материал болып саналады.
  • Өнім жеке үйде жақсы монтаждалады, конструкцияны ұстап тұрады.
  • Knauf оқшаулағышының шаңдану пайызы 15 %-ға төмендетілген, бұл оқшаулағыштың осы түрімен жеке үйдегі жұмыс барысын әлдеқайда қолайлы қыла түседі.
  • Knauf жаңа буын минерал мақталарының ылғалға төзімділік көрсеткіші, бұған дейінгі баламаларымен салыстырғанда, 25 % жоғары. Осының арқасында бұл оқшаулағыш ылғалға тамаша төтеп беріп, қала сыртындағы үйді көгерулер мен саңырауқұлақтардан қорғайды.
  • Үйге арналған оқшаулағыштарды жасау үшін компания құрамында фенолформальдегидті шайырлары жоқ тек өсімдік негізді компоненттерді пайдаланады. Бұл минерал мақтаны қолдану қоршаған орта мен адам үшін зиянсыз екеніне кепілдік береді.

 

Осы ерекшеліктерді ескере отырып, бүгінгі таңда ғимараттарды оқшаулау барысында Knauf минерал мақталарын пайдалану өте қолайлы болып отыр. Бұл құрылысты сапалы оқшаулауға мүмкіндік беретін тамаша материал.

Үйді ішкі және сыртқы жағынан оқшаулау

Қала сыртындағы үйді минерал мақтамен оқшаулаудың бірнеше тәсілі бар. Оқшаулағышты жайдың сыртқы және ішкі жағынан орнатуға болады. Қабырғаларды тәсілдердің кез келген түрімен оқшаулау өзіндік артықшылықтар мен технологиялық ерекшеліктерге ие.

Қала сыртындағы үйді ішкі жағынан минерал мақтамен оқшаулаған кезде, оқшаулауға қатысты келесі технологияларды ұстану қажет:

  • үйді оқшаулағыштың қалыңдығы осы үй тұрғылызған материалдың типіне сай болуы тиіс;
  • минерал мақтаны бірнеше қабат қылып қолданғанда, оны екінші қабат бірінші қабаттың қосылыстарын толық жабатындай, төсемнің үздіксіздігін сақтай отырып орнатуды жүзеге асыру керек;
  • ең әуелі үйге астыңғы профиль орнату керек, ол ені жерден 40-50 мм биіктікте орнатылатын Knauf минерал мақтасының қалыңдығына шамалас келеді;
  • минмақтаның бұрыштарын тісті таңғышпен қыстыру қажет;
  • үйге орнатылатын өзектелген тор минерал мақтаны қосымша қорғаныспен қамтамасыз етеді;
  • бұрыштарына пластик бұрыштар орнатқан дұрыс;
  • минерал мақтаның беткі қабатын қасбет желімін және қасбет жабынын, мысалы, сылақты жағу арқылы қорғайды.

Knauf минерал мақтасын сондай-ақ ішкі оқшаулағыш ретінде де пайдалануға болады. Мұндай шешім аздап үйдің ауданын кішірейтеді, алайда оқшаулағышты ішкі жақтан монтаждау әлдеқайда жеңіл және арзан.

Түрлі типтегі үйлердің қабырғаларын оқшаулау

Үйді нақты қандай типте оқшаулауды таңдау қала сыртындағы үйдің конструктивті ерекшелігі мен ол тұрғызылған материалға байланысты болады:

  • Ағаш құрылыстар үшін минерал мақта жеке үйді оқшаулаудың жалғыз мүмкіндігі, себебі ағаш күтімді талап ететін өте ерекше материал болып саналады. Ағаш отыру және маусымдық кеңею процестеріне бейім. Осыған байланысты оқшаулағыш қабатта сызат пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ түйістірме жіктерде кеңею пайда болуы да ғажап емес. Бұл қабырғаның қатуына ықпал ететін суық көпірінің пайда болуына әкеліп соғады. Мұндайға жол бермеу үшін оқшаулау барысында қабырғаларды оқшаулауға арналған минмақтаны қолдану керек.
  • Қаңқа типті құрылысқа да минерал мақтаны пайдаланған абзал. Мұндай конструкциялар үшін оқшаулағышты қабырғаның бетіне тұтастай орнатылатын бағыттаушылардың арасына төсеу қажет.
  • Кірпіштен және газбетоннан тұратын конструкцияны оқшаулау үшін түрлі типтегі оқшаулағыш материалдарды, соның ішінде минерал мақтаны қолдануға болады.

Осылайша минерал мақта түрлі типтегі конструкциялар үшін пайдаланған тиімді нағыз әмбебап материал саналады. Жеке үйді мұндай материалдың көмегімен оқшаулаған аса қолайлы.

Жеке үйді минерал мақтамен оқшаулаудың сызбасы

Сызба суреті

Жеке үйді минерал мақтаны пайдаланып оқшаулаудың бірнеше типі болады. Соның ішінде ең кеңінен тарағандары:

  • қабырғаны оқшаулаудың «ылғалды» тәсілі;
  • желдетілетін қасбет деп аталатын.

 

«Желдетілетін» қасбет жағдайында оқшаулағыштың екі қабатын бекіту үлгісі

Аспалы конструкция немесе желдетілетін үлгідегі қасбет арнайы металл не ағаш қаңқадан құрастырылады. Профильдер арасындағы аралықтарға минерал мақта орнатылады. Үстіңгі жағына қаптаманың ішкі қабаты кетеді, бұл сайдинг, керамогранит немесе профнастил болуы мүмкін. Бұл қабырғаны оқшаулаудың сапасын арттыра түседі.

Оқшаулаудың «ылғалды» тәсілі минерал мақтаны қабырғаның бетіне желімдеп, оның үстінен сылақ қабатын жағып, оның бетінен арқаулайтын торды батыру дегенді білдіреді. Ең үстіңгі беті сәндік сылақпен жабылады.

Үйді өз қолыңызбен оқшаулау кезең-кезеңімен жүзеге асуы тиіс:

  • Ең алдымен, қабырғаны өңдеуді қолға алу керек. Егер кірпіш құрылыс оқшауланса, қабырғаны цемент, құм және су қосылған қоспамен сылап алған дұрыс. Ағаш конструкция үшін антисептикалық сұйықтықпен өңдеп, оның кебуін күту керек.
  • Оқшаулаудың келесі сатысы – буоқшаулау, бұл үшін рубероид, фольга және үлдір қолдану қажет. Естеріңізде болсын, оқшаулағышты ағаш қабырғаның бетіне бірден орната салуға болмайды, себебі бұдан кейін ағаш шіріп кетуі мүмкін. Яғни, қабырға дымқылданып, оны өңез басып кетеді. Ауа еркін қозғалуы үшін 50 мм мөлшерде люфт қалдырған дұрыс. Сонымен қатар бір жағы тегіс, екінші жағы түкті арнайы гидрооқшаулағыш үлдірді қолдануға болады. Бұдырлы жағы қабырғаға, жылтыр жағы сыртқа қарап төселеді. Қабаттарды скотчтың көмегімен бекітіп, үсті-үстіне түйістіру керек.
  • Егер шеттері созылмалы минерал мақта қолданылатын болса, тіреулердің арасына оқшаулағыштың енінен 2 см кіші аралық қалдыру керек болады.

Егер жеке үйді оқшаулаулың «ылғалды» түрін таңдасаңыз, сылақ үшін қолданылатын тақталар барынша тығыз болуы тиіс. Олардың келесі көрсеткіштерге ие болғаны жөн:

  • Жылу өткізгіштігі кемінде 0,044;
  • Су сіңіруі 70 %-дан жоғары;
  • Тығыздағы кем дегенде 80-120 кг/м².

Үйіңіздің сыртқы жағын өздігіңізден оқшаулағыңыз келе ме? Үйді «ылғалды» тәсілмен оқшаулау келесі үлгі бойынша жүзеге асады:

  • Алдымен қабырғаның беткі жағын тазалап, тегістеп дайындап алу керек.
  • Ары қарай оқшаулағыш материалдың тіреуіші ретінде қолданылатын қабырғаның төменгі ернеуін монтаждау жүзеге асады. Ол оқшаулағышты тегістеп, жағымсыз ауа райы мен жәндіктерден қорғайды.
  • Естеріңізде болсын, минерал мақтаны қабырғаға бекітер алдында желім жағып алу керек. Әрі мақтаны жапсарлары бұрышқа келіп қалмайтындай етіп желімдеген дұрыс.
  • Желімнің толық кепкенін күтіп, осыдан соң минмақтаны қабырғаға дюбельдің көмегімен бекітеміз.
  • Үйдің сыртындағы терезе мен есік жақтауларының маңындағы қабырғаға, сондай-ақ бұрыштарға арқауланған торды бекіту қажет. Бұл процедура да минерал мақтадағы желім толық кепкеннен кейін жүзеге асады. Бұл үшін шамамен бір тәулік қажет етіледі.
  • Оқшаулаудың келесі кезеңі минерал мақта қабатына сіңіп кететін монтаж сылағын жағу болып табылады. Жеке үйлердің сыртына тағы бір рет тегістеуші сылақ жағу керек болады.
  • Соңғы кезеңде қабырға әрленіп сыланады.

Үйіңізді минерал мақтамен оқшаулаудың қай түрін таңдасаңыз да, оқшаулағышты пайдалану қабырғаның қалыңдығын шамамен 20 см-ге арттыратынын ұмытпаңыздар. Бұл су ағызғыштардың, терезе алды тақтайлары мен жақтаулардың ұзындығы мен енінің ұлғайтуын талап етеді, нәтижесінде қабырға құрғақ күйін сақтап, оқшаулағыш пен қабырғаны ылғалдан қорғайды.

Осылайша, бірнеше ережелерді сақтай отырып, жеке үйді сапалы оқшаулауды өз беттеріңізбен жүзеге асырсаңыздар болады.