Қала сыртындағы аз қабатты нысандарды жылулық оқшаулау үй құрылысының маңызды бөлігі болып саналады және ол бірнеше айқын артықшылықтарға ие. Мысалы, қаңқалы немесе қалқанды үйді жылыту арқылы жылуға жұмсалатын шығынды әжептәуір үнемдеп, ауа райы қандай болса да барынша қолайлы жағдай тудыруға болады. Ал қасбетке сапалы жылу оқшаулағышты қолдану сізді қалың қабырға тұрғызу мұқтаждығынан құтқарады.
Жылуды оқшаулау құрылыс әдісіне немесе бұл үшін қолданылатын материалдарға қарамастан, маңызды екенін түсінген дұрыс. Ол бетон үй үшін де, кірпіш және ағаш үй үшін де өзекті. Бұл жерде бірыңғай жағдай жоқ, ал қасбет және тағы басқа конструкциялар үшін қосымша жылу оқшаулағыш материалдарды пайдалану тек үйіңіздің энергиялық тиімділігін арттыра түседі.
Knauf Insulation әлем бойынша жетекші жаңа буын жылу оқшаулағыш материалдарын дайындаушы және өндірушілердің бірі саналады. ECOSE® технологиясы бойынша өндірілген тиімді әрі ұзақ мерзімді ТеплоKNAUF жаңа буын оқшаулағышы барлық типтегі үйлердің төбелерін, қасбеттері мен едендерін оқшаулау үшін белсенді түрде қолданылады.
Тәжірибе ТеплоKNAUF қауіпсіз жылу оқшаулағыш материалдарын пайдалану арқылы энергияны 45% үнемдеуге болатынын көрсетіп отыр. Әрі үйдің іші қыста жылы, ал жазда салқын болады. Мұндай сенімді жылу оқшаулағыш үйді жылытуға кететін шығынды үнемдеп, кез келген уақытта қала сыртындағы тіршіліктен рахатын сезінуге мүмкіндік береді.
Оқшаулау аймағы мен бюджетті негізге ала отырып, сіздің үйіңізге техникалық тұрғыда да, қаржы тұрғысынан да сай келетін ТеплоKNAUF оқшаулағышын табу оп-оңай. Сондай-ақ біз шығаратын өнімдердің барлығы келесі артықшылықтарға ие:
- Үйге арналған оқшаулағыш қаптамаларының қолайлылығы материалдарды қоймада сақтауды және жылу оқшаулағыштарды тиеу кезінде жұмыстың тұрып қалуын төмендетеді.
- Оқшаулағышты пайдаланудағы жайлылық массасының шағын болуы, білеулі үйдің сыртына және ішіне жылу оқшаулауды жүргізу кезінде қалдықтардың аздығы, сондай-ақ жоғары өңделімділігі есебінен қамтылады.
- Елеулі ресурс. Ағаш үйді жылыту оқшаулағышты төсеген уақыттан бастап, кемінде 50 жылды құрайтын мүлтіксіз пайдалану мерзіміне ие болады.
ТеплоKNAUF сенімді жылу оқшаулағыш материалдарын пайдалану – ұзақ уақыт бойы үйіңіздің энергиясын үнемдеп, қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді шешімі. ТеплоKNAUF қауіпсіз оқшаулағыштарын таңдау арқылы сіз отбасыңыз үшін қауіпсіздік пен жайлылықты қоса таңдайсыз.